Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстан азаматтары отандық екпені салдырып жатыр

 Қазақстан азаматтары өз еріктерімен отандық ғалымдар әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаны тәжірибе ретінде салдырылып жатыр.

Қазақстан азаматтары  отандық екпені салдырып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солардың бірі - саясаттанушы Мақсат Жақау вакцинациядан өткендігін Facebook парақшасында жария етті. «Бүгін адамзаттың қас жауына айналған COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаны арнайы медициналық тексерулерден іріктеліп, өз еркіммен салдырдым. Қатысушылар көп. Бірақ денсаулықтарына байланысты көбі өтпеді. 18-бен 50 жас аралығындағы кандидаттар тізімімен вакцинацияның екінші кезеңінде тәжірибелік топқа ендім. Вакцинаны жасаумен медицина ғылымында есімдері әлемге танылған профессорлар айналысты. Бұл ғылымымыздың жоғарғы көрсеткішін танытады. Бұйырса вакцинаның оң нәтижелеріне қарай еліміздің ғана емес, әлемдік деңгейде адамзаттың игілігіне қолданатын ем-домның шығуына сенуіміз керек. Бастысы вирус болса оның антивирусы да болуы керек. Отандық ғылым сол жолда ізденіс үстінде», - дейді Мақсат Жақау.

Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те коронавирус індетіне қарсы әзірленген отандық вакцинаны салдырғандығын айтқан болатын. Бұған дейін ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеу басталған еді. 

Қазір оқып жатыр

Ресейлік шоумен Қазақстан туралы өз атынан тараған мәлімдемені жоққа шығарды

Сергей Глушко

Биылғы алты айда Қазақстан кәсіпорындарында 500-ге жуық адам ауыр жарақат алған

Еңбек қауіпсіздігі

Мектеп сөмкесінің салмағы қанша болуы керек? Министрлік жауап берді

оқушылар

Қазақ футболының ханзадасы Дастан Сәтпаев 18-ге толды

Дастан Сәтпаев