USD
USD
USD

Қазақстан азаматы Ресейде заңсыз ойын ұйымдастырған

Мәскеу облысы Химки қаласының аумағынан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың бір мүшесі ұсталды, деп хабарлайды  Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.
Қазақстан азаматы Ресейде заңсыз ойын ұйымдастырған
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. 2013-2018 жылдары Ресей мен Қазақстан азаматтарынан құралған топ қатысушылары букмекерлік кеңсе қызметі деген атпен заңсыз ойын бизнесін – электронды казино ұйымдастырған. 39 жастағы ер азамат қылмыстық жауаптан қашып жүрген, оған 2019 жылдан бері іздеу салынған. Қазіргі уақытта күдікті РФ Химки қаласының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр.

Елордалық полицейлер жедел-профилактикалық шара жүргізіп, оның барысында 24 қылмыскер ұсталды және із-түзсіз жоғалған 17 азаматтың мекенжайы анықталды. ҚР аумағынан тысқары іздеу салынған екі қылмыскер ұсталды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон