USD
USD
USD

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда ерлік жасады

Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматы мемлекеттік марапатқа ұсынылды. Ол өрт кезінде 10 адамды құтқарған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда ерлік жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға өткен айда болған екен. Алайда жерлесіміз бұл жайында тіпті туыстарына да тіс жармаған көрінеді. Әли Түркістан қаласында үй және көлік жөндеумен айланысқан. Тапсырыстың жоқтығынан отбасымен бірге 2017 жылы Ян Ян шипажайлы қалашығына жұмыс іздеп келген.  Оңтүстік Кореяда бөлме жалдап тұрады. 23 наурыз күні түнгі сағат 11-де түтін иісін сезгенін айтады. Сөйтсе, көрші пәтерлердің бірінде өрт шыққан.

Әли пәтерге газ құбыры мен телекабельмен өрмелеп шығып, ішіне кірді. Өкінішке қарай, өрт шыққан пәтерде болған әйел кейіннен ауруханада көз жұмды. Әли өзге көршілерін оятып үлгерген. Соның арқасында олар дер кезінде сыртқа шығып, аман қалған.

Әли бұл туралы былай дейді. "Ішке кіріп, есікті ашып шыққан сол. Ары қарай өрт сөндірушілер келді. Жедел жәрдем, бәрі келді".  Жерлесіміз ерлігі жайлы да, өрт кезінде денесін күйік шалғаны туралы да туыстарына тіс жармапты. Медициналық көмектен де бас тартқан. Алайда көршілері бой бермей, оны ауруханаға жеткізіп, емге кететін шығынды өздері төлеген. 

 Әли жақында үйіне қайтады. Рейсі 1 мамырға жоспарланған. Алайда көршілері оның кеткенін қаламайды. Сондықтан Оңтүстік Корея Президентінің атына хат жазып, жерлесімізді марапатқа ұсыну туралы өтініш білдіріпті.

Ян Ян уезінің тұрғыны Чан Сон Ок: "Әли мамырда отанына оралуы керек. Алайда мен Президенттің атына хат жаздым. Әділет министрлігіне де оның ерлігі жайлы жазылған мақалалар ұсындық. Соның арқасында оның елімізде жүріп-тұру уақыты ұзартылды. Алайда қандай мерзімге ұзартылғаны әзірге белгісіз. Меніңше, Әлиге тек виза ғана  емес, Оңтүстік Кореяда тұруға ықтиярхат та берілуі керек" дейді.

Әлимен Оңтүстік Кореяға бірге келген жұбайы жүктілікке байланысты Қазақстанға оралған. Енді Түркістанда отандасымызды келіншегі, алты жасар ұлы мен бір жасар қызы күтуде. Әли кішісін әлі көрмепті. Сондықтан 1 мамырда Қазақстанға ұшып келіп, отбасымен қауышуды жоспарлап отыр. Ал кейіннен Оңтүстік Кореяға қайтып бару жағын ойластыруда. 

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

.

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

.

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

науқас

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет