USD
USD
USD

Қазақстан азаматы Оңтүстік Корея президентінің арнайы сыйлығын алды

Қазақстандық Дмитрий Ли Оңтүстік Корея президентінің арнайы сыйлығына ие болды, деп хабарлады 24

Қазақстан азаматы Оңтүстік Корея президентінің арнайы сыйлығын алды
Фото: NEGE.kz

kz.

Алматы, NEGE. Жүлдені президенттің атынан Инчхон қаласының мэрі табыстады. Дмитрий Ли басқарып отырған компания бір жылдың ішінде 30 миллион долларға тауар экспорттап, жергілікті биліктің ерекше ықыласына бөленді.

Ли Оңтүстік Кореяға 2019-шы жылы көшіп барған. Әуелі жүргізуші болып жұмыс істеп, артынан көлік экспортымен айналысып кетті. Ал Кореяға көшкенге дейін Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. "KAZAKH-TV" арнасында ағылшын тілінде жаңалықтарды жүргізді.

"Әрине, мұнда жергілікті кәсіпкерлермен салыстырғанда, бізге, шетелдіктерге әлдеқайда қиын. Өйткені тіл мен заңнаманы жақсы біле бермейсің. Мұның бәрін зерттеуге көп уақыт қажет. Бірақ маған бірнеше шет тілді, оның ішінде ағылшын мен орыс тілін жетік білетінім көп көмектесті. Әсіресе шетелдік сатып алушылармен кездесіп, байланыс орнатуыма септігін тигізді", - дейді автокөлік экспорттаушы компанияның иесі.

Корея сауда қауымдастығының Инчхон орталығы директоры Сим Джун Соктың айтуынша, президенттің сыйлығы Корея экономикасына қомақты үлес қосқаны үшін беріледі.

 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар