USD
USD
USD

Қазақстан аумағында мал азығын дайындау көлемі қандай?

Елімізде 19,7 млн тонна шөп немесе 83 пайызы дайындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев айтты.

Қазақстан аумағында мал азығын дайындау көлемі қандай?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Малдың қыстан ойдағыдай шығуы үшін облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп, азық дайындау жоспарлары белгіленді. Мысалы, шөп дайындау жоспары запастағыларды ескере отырып, 23,7 млн тоннаны құрайды. Іс жүзінде 19,7 млн тонна шөп немесе 83% дайындалды. Алматы, Жамбыл және Қостанай облыстарында жоспардың шамамен 90%-ы көлемінде шөп дайындалды», - деді Е. Қарашөкеев.

Оның айтуынша, ұйымдастырылған шаруашылықтар 989 мың тонна пішендеме әзірледі, бұл жоспардың 62%-ын құрайды. Сондай-ақ сүрлем дайындалып жатыр, жоспар 2 млн тоннадан асады. 4,8 млн тонна сабан және 6 млн тонна құнарлы азық дайындау бойынша жоспарлар айқындалды.

«Солтүстік өңірлер үшін пішен бойынша ғана емес, басқа өңірлерде шөп жетіспеген жағдайда, сабан дайындау бойынша да жоспарлар ұлғайтылды», - деді Ербол Қарашөкеев . Бұдан бұрын хабарланғандай, министрлік аталған өңірлерді қолдауға қанша қаражат бөлінгенін баяндады. Өңірлер арасында азық-түлікті белгіленген бағамен өзара жеткізу және зардап шеккен шаруашылықтарға шөп шабу үшін 130 мың гектарға жуық шабындық жер бөлу туралы шарттар мен меморандумдар жасалды.

Қазір оқып жатыр

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар

Депутат Қазақстанда тағы бір тілді ресми тіл ретінде тануды ұсынды

 Екатерина Смолякова

Брокер орташа табысы бар отбасыларға тиімді үш ипотекалық бағдарламаны атады

.

Полиция полковнигі Данияр Мейірхан сталкинг бойынша күдікке ілінген

Данияр Мейірхан