USD
USD
USD

Қазақстан аумағына кейбір көліктердің кіруіне тыйым салынады

Қазақстан қосымша бак орнатылған көліктердің ел аумағына кіруіне тыйым салмақ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.

Қазақстан аумағына кейбір көліктердің кіруіне тыйым салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанар-жағармай тапшылығына және бағасының өсуіне жол бермеу үшін қандай шаралар қабылдау жоспарланып отырғанын мәлімдеді. 

Министр бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті баға белгілеу бойынша тиісті бұйрықтар қабылданғанын еске салды. Айтуынша, бүгінде АИ-80 маркалы бензин литріне 89 теңге, АИ-92 мен АИ-93 литріне 182 теңге, АИ-95 литріне 215 теңге және дизель отыны литріне 230-260 теңге болып белгіленді.

Сондай-ақ министрлік ЕАЭО-ға қатысушы көрші елдермен салыстырғанда бағаның бірдей болмауына байланысты жанар-жағармай ағынына бақылау жүргізу үшін қосымша іс-шаралар қабылдауды ұсынды.

"Олар: өздігінен орнатылған бактары бар көліктің кіруіне тыйым салу; транзиттік көлікпен тәулігіне 1 реттен артық өтуді шектеу; кейбір мұнай өнімдерін Қазақстаннан тыс жерлерге экспорттық кеден бажын төлемей, темір жол көлігімен тиеп-жөнелтуге тыйым салу; уәкілетті органдар тарапынан шекараларда мұнай өнімдерін автокөлікпен әкетуге тыйым салуды бақылауды күшейту", – деді Ақшолақов үкімет отырысында.

Сонымен қатар, автожанармай құю станцияларында импорттық отынға сараланған баға белгілеу, көктемгі дала жұмыстары үшін дизель отынын жеткізу рәсімдерін нақты регламенттеу ұсынылып отыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.