Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелтті  

Қазақстан тарапы Ауғанстанның су тасқынынан зардап шеккен провинцияларына гуманитарлық көмек жіберді.

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелтті  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Әлімхан Есенгелдиев Кабул провинциясының тұрғындарына гуманитарлық көмекті тапсыру рәсіміне қатысты. Ұн, макарон өнімдері, күнбағыс майы және қоюландырылған сүттен тұратын азық-түлік 5 мыңнан астам мұқтаж отбасына берілетін болады. «Іс-шараға қатысқан Кабул провинциясының губернаторы Мохаммад Якуб Хайдари және АИР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы Гулам Бахауддин Жилани Ауғанстан үкіметі мен халқының атынан қиын кезеңде көрсетілген көмек пен қолдау үшін ризашылықтарын білдірді.

Елші өз кезегінде Қазақстанның Ауғанстанға достық қарым-қатынасын атап өтті. Сонымен қатар еліміз осы күрделі жағдайда өңір елдеріне, соның ішінде Ауғанстанға жан-жақты қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті» делінген ақпаратта. Мәлім етілгендей, Қазақстанның гуманитарлық көмегі судан зардап шеккен 8 провинцияда таратылды. Азық-түлік Кабулдан басқа, Балх, Парван, Панджшер, Логар, Вардак, Бағлан және Саманган провинцияларына жеткізілді.

Қазір оқып жатыр

​Назарбаевтың кезінде тарихшылар тоғыз ай жалақысыз отырған – Жақсылық Сәбитов

Жақсылық Сәбитов/Decaf

Қарағандыда 56 жастағы тиктокер әйел болып киініп, балалармен таныспақ болған

стример

Алматының тау бөктерінде 9 қабаттан биік ғимараттар салуға қандай жағдайда рұқсат беріледі?

жалған тәжірибе, мемлекеттік сатып алу

Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда қалай заңды жұмысқа орналаса алады?

Сеул