USD
USD
USD

Қазақстан ауғанстандықтарды эвакуациялады

Қазақстан Ауғанстаннан  42 адамды эвакуациялады.

Қазақстан ауғанстандықтарды эвакуациялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін сағат 17:00-де ҚР Әскери әуе күштерінің С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушымен Алматыға сәтті қонды. Қазақстанға 25 Қазақстан азаматы, оның ішінде 15 ересек адам және 10 бала, сондай-ақ ҚР Елшілігінің қызметкерлері келді», - делінген министрлік мәліметінде.

Одан басқа, осы бортпен Қырғызстан тарапының өтініші бойынша бұл елдің 14 азаматы эвакуацияланды. Гуманитарлық операция ретінде осы ұшақпен ҚР Елшілігіне көмек сұрап жүгінген 1 Ресей азаматы мен 1 Литва азаматы АИР-дан шығарылды.

«Қазақстан Республикасы әрдайым шетелдегі өз азаматтарының мүдделері мен құқықтарын қорғайды», - деп аталып өткен хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz