USD
USD
USD

Қазақстан әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдары ашылады

Алматы, Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы жалғасып жатыр. Инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі мәліметтерді Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұсынды, деп хабарлайды Tengritravel.kz.

Қазақстан әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдары ашылады
Фото: NEGE.kz

Аcтана, NEGE. Жұмыс төрт нысан бойынша жүргізіліп жатыр.

"Жеке инвестициялар есебінен Алматы, Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдары салынып жатыр. Құрылыс 2024 жылы аяқталады деп жоспарланған. Сонымен қатар, осы жылы Қостанай әуежайының аэровокзалын телескопиялық трап құрылғысы және келу залын салынады, яғни реконструкциялау жұмыстары аяқталады", - делінген KGA Telegram-каналында.

Сонымен қатар, елордалық әуе айлағын дамыту аясында Terminals Holding Group (БАӘ) компаниясымен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатқаны хабарланды.

"2024 жылдың көктемінде әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға кірісу жоспарланып отыр және ұзақ мерзімді перспективада жолаушылар және жүк терминалдарын кеңейту, толыққанды мультимодальды хаб құру міндеті қойылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағы мен такси жолын, Балқаш әуежайының перронын қайта жаңарту басталатынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс