USD
USD
USD

Қазақстан AstraZeneca вакцинасын сатып алмайды

Қазақстан AstraZeneca коронавирусына қарсы вакцина төңірегінде жүргізілген келіссөздерді тоқтатты.

Қазақстан AstraZeneca вакцинасын сатып алмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы "СК-Фармация" кеңесінің төрағасы Ерхат Есқалиев мәлімдеді. 

"Барлығымен келіссөздер жүргізіліп жатыр, AstraZeneca бойынша келіссөздер тоқтатылды. Келіссөздердің тоқтауының басты себебі – вакцинаның айналасында негативтің көп болуы. Pfizer бойынша келіссөздер жүріп жатыр, бірақ жеткізу кестесі жоқ, сонымен қатар белгілі бір талаптар қойылып жатыр", - деп жауап берді Есқалиев.

Оның айтуынша, AstraZeneca вакциналарының айналасындағы жанжал Pfizer вакциналарына сұраныстың артуына алып келді.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың көктемінде бірнеше еуропалық елдер AstraZeneca вакциналарын импорттаудан бас тартты, ал бұл препарат шығарылатын Ұлыбританияда 30 жасқа дейінгі адамдарға AstraZeneca вакцинасын алмау ұсынылды.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға