USD
USD
USD

Қазақстан AstraZeneca вакцинасын сатып ала ма?

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы еуропалық AstraZeneca вакцина партиясын Қазақстанға жеткізу жоспарланып отыр деген ақпаратты жоққа шығарды.

Қазақстан AstraZeneca вакцинасын сатып ала ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «AstraZeneca сатып алу туралы ақпарат жалған. Компаниялардың барлық өкілімен келіссөздер жүріп жатыр», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметіндегілер. Қазақстанда жақында еуропалық вакцина пайда болады деген қауесет әлеуметтік желі қолданушылары арасында тарады.

Ағылшын-швед фармацевтикалық компаниясы AstraZeneca наурыздың соңында атауын Vaxzervia деп өзгерткенін айта кеткен жөн. Еске салайық, AstraZeneca вакцинасының беделі адам өлімінен кейін түскен болатын. Алдымен препаратты қолданудан Аустрия, содан кейін Дания, Германия, Италия, Норвегия, Латвия, Исландия, Франция, Испания, Индонезия, Словения, Канада және басқа да бірқатар мемлекет бас тартқан.

Қазір оқып жатыр

Армения парламентінде жанжал шығып, депутаттар төбелесті

Армения депутаттары

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог

Доллар бағамы қайта өсті: теңге неге әлсіреді?

Халықаралық банктен қарыз тарту

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы