USD
USD
USD

Қазақстан AstraZeneca фармкомпаниясымен меморандумға қол қойды

Қазақстан-Британия үкіметаралық комиссиясының сегізінші пленарлық отырысында ірі британиялық фармацевтикалық компаниямен келісімге қол жеткізілді.

Қазақстан AstraZeneca фармкомпаниясымен меморандумға қол қойды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан мен британиялық AstraZeneca фармацевтикалық компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Уағдаластыққа сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британия үкіметаралық комиссиясының сегізінші пленарлық отырысында қол жеткізілді.

«Шара қорытындысы бойынша 8-ші ҮАК отырысының хаттамасына және Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі мен ірі британиялық Astra Zeneca фармацевтикалық компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум респираторлық, онкологиялық және жаңа технологияларды енгізу арқылы басқа да ауруларды емдеу бойынша өзара іс-қимылдың одан әрі даму мүмкіндіктеріне жол ашады», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, AstraZeneca – коронавирусқа қарсы вакцина өндірушілердің бірі. 

Қазір оқып жатыр

Белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

Тілеуқабыл Мыңжасар

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

отшашу

Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

су тасқыны

Құрылтай депутаттарына алтыннан емес, жезден әзірленген төсбелгі табысталды

Құрылтай төсбелгісі