USD
USD
USD

Қазақстан әскерін Украинадағы соғысқа жібере ме?

Қазақстандық бітімгерлерді Донбасқа жіберу мәселесі қаралып жатқан жоқ. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов осындай мәлімдеме жасады.

Қазақстан әскерін Украинадағы соғысқа жібере ме?
Фото: NEGE.kz

Ресей БАҚ-тары үшін осы бір ауыз сөз басты жаңалыққа айналып та үлгерді.

«Қазір Донбасқа әскери бітімгерлер жіберу мәселесі қаралып жатқан жоқ. Ешқандай келісім немесе келіссөз де жүріп жатқан жоқ», – деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Сұлтан Камалетдиновтің сөзінен ұққанымыз, қазақ сарбазы Донбассқа барып ешқашан соғыспайды. Қазақстанның заңдары бұған тосқауыл қоймақ.

«Қазақстандық Қарулы күштердің елден тыс жердегі шараларға қатысуы туралы алдын ала жазылып, нормаға сай бекітілген. Қарулы күштердің бітімгерлік операцияларға қатысуы тек БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің резолюциясы бойынша ғана жүзеге асырылады», – деді Сұлтан Камалетдинов.

Қазіргі жағдайда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мұндай қарар қабылдай қоюы неғайбыл. Қабылдаған күннің өзінде бұл мәселе алдымен жіті талқыға салынуы тиіс.

«Мемлекет басшысы резолюцияны негізге ала отырып, мәселені Парламенттің алдына шығарады. Егер Парламент бекітсе, онда әскери бітімгерлерді қатыстыру шешімі қабылдануы мүмкін», – дейді ол.

Демек, Ақорда осы ұстанымын берік ұстанса, қазақ жауынгерлері жат жерде, жат елдің мүддесі үшін оққа ұшпайды деген сөз.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай