USD
USD
USD

Қазақстан алмасы Ресейге экспортқа шығарылды

Қазақстан алмасы Ресейге эспортқа шығарылды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook парақшасында жазды.

Қазақстан алмасы Ресейге экспортқа шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Достар, бүгін тағы бір маңызды экспорттық тауар - қазақстандық бақтарда өсірілген дәмді алма туралы айтқым келеді. Биылғы жылы экономикалық жағдайдың қиындығына қарамастан, «Arnau Agro» ЖШС-ның алмаларын Ресейге жеткізуді бастау мүмкіндігі туды. Алғашқы партиялардың бірі қазір Новосібірге жеткізілді және өнім жергілікті тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие. Бұл алмаларды экспорттауда мемлекеттік қолдау құралдары үлкен рөл атқарғанын атап өткім келеді», - дейді министр.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті