USD
USD
USD

Қазақстан әлемдік жемқорлық индексінде 113-орында

Transparency International ұйымы әлемнің 180 елі бойынша жемқорлық индексінің 2019 жылғы қорытындысын жария етті. Ол бойынша Қазақстан 113-орында тұр. Жемқорлық деңгейі бойынша сарапшылар Қазақстанды Непал, Филиппин, Замбия, Сальвадор секілді мемлекеттермен бір қатарға қойып отыр.

Қазақстан әлемдік жемқорлық индексінде 113-орында
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Рейтинг 100 балдық көрсеткішпен өлшенеді. Халықаралық ұйым бірнеше сарапшы ұйымның деректеріне сүйене отырып әр елді 0-ден (жемқорлыққа батқан) 100-ге (жемқорлық жоқ) дейінгі индекс баллымен есептейді. Балл төмен болған сайын, елдің рейтингтегі алар орны да нашарлай береді.

Алғашқы орында Дания және Жаңа Зеландия секілді елдер келеді. Олар 87 баллға ие болған. Әлемдегі ең жемқорлық жайлаған мемлекеттер ретінде Оңтүстік Судан мен Сомали танылыпты. Қазақстан жемқорлық деңгейі жоғары елдер қатарында. Дегенмен 2018 жылмен салыстырғанда жағдай біршама жақсарып, 11 сатыға көтерілген.

 Transparency International жемқорлық индексін Дүниежүзілік банк, америкалық Freedom House және Global Insight, немістің Bertelsmann қоры, британдық Economist Intelligence Unit, швейцариялық бизнесті дамытудың халықаралық институты секілді беделді ұйымдардың сарапшылар мен кәсіпкерлер арасында жүргізген сауалнамасына сүйеніп жасайды.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Ломбард

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Ота

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

есірткі заты

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Дархан Сатыбалды