USD
USD
USD

Қазақстан әлемдегі ішімдікке тәуелді елдердің қатарына кірді

Ерлер арасындағы ішімдікке тәуелділік бойынша Қазақстан 11-орынға шықты. Ал әйелдер жалпы 182 елдің ішінде 19-орында. Осылайша қазақстандық ерлердің алкогольге деген тәуелділігі 9,52%, әйелдерде 1,48% болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан әлемдегі ішімдікке тәуелді елдердің қатарына кірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Рейтинг бойынша, Ресей, Венгрия және Литва ерлері ішімдік ішуден көш бастап тұр. Әйелдерге келсек, Аустралия, Ресей және Колумбия алдыңғы орында.  

Айта кетейік, ТМД елдері арасында Ресейден бөлек, Беларусьтің де жағдайы мәз емес (ерлер арасында 6-орын). Ал Украина, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения мен Түркменстан бізден кейінгі орындарда.

Алкоголь өнімдерін өндіруге келсек, 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша, Қазақстанда арақ өндірісі бір жылда 60,3%-ға артты.  

Коньяк өндірісі ­- 6,3%-ға артса, шарап - 3,5%-ға, сыра - 2,5%-ға төмендеді.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер