USD
USD
USD

Қазақстан әйелдер күресінен үздік үштікке енді

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасы әйелдер күресінен жалпыкомандалық есепте үздік үштікке енді. 

Қазақстан әйелдер күресінен үздік үштікке енді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құрлықтық додада қазақстандық қыздар екі алтын, екі қола медаль алды.

Ел құрамасынан 68 келіде Мадина Бақбергенова финалда қырғызстандық Мээрим Жуманазарованы жеңіп, алтыннан алқа тақты. Ал 72 келіде Жәмила Бақбергенова финалда Сумире Ниикураны тізе бүктіріп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Сондай-ақ қазақстандық спортшылардан Жұлдыз Ешімова (53 келі) және Гүлмарал Еркебаева (76 келі) қола жүлдеге қол созды.

Жалпыкомандалық есепте Жапония (7 алтын, 2 күміс) және Моңғолия (4 күміс, 5 қола) құрамасы алғашқы екі орынға жайғасты.

Күрес түрлерінен (грек-рим, әйелдер күресі, еркін күрес) құрлықтық додаға Азияның 19 елінен спортшылар келді.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити