USD
USD
USD

Қазақстан Уханьдағы азаматтарын елге алып келді

2 ақпанда Қытайдың Ухань қаласындағы 83 қазақ азаматы Отанына оралды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы мәлім етті. 

Қазақстан  Уханьдағы азаматтарын елге алып келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 83 азаматтың 80-і Ухань қаласында оқитын студенттер. Олардың жағдайын жол бойы денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының дәрігерлері бақылаған.

Алғашқы тексеруден соң елге оралған азаматтар Нұр-Сұлтан қаласынан 7 шақырым жердегі инфекцияға қарсы арнайы бөлінген корпусқа 14 күнге оқшаулауға жатқызылды.

Медициналық мекемеде Қытайдан келген азаматтар қосымша тексеруден, бірінші кезекте, коронавирустық инфекцияға тестілеуден өтеді.

Карантин кезеңінде елге оралғандар туыстарымен кездесе алмайды, тек аса қауіпті инфекциялармен жұмыс істеу тәжірибесі бар мамандармен ғана байланыста болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин