USD
USD
USD

Қазақстан 9 елге аккумулятор экспорттап отыр

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов отандық аккумуляторларға сұраныс жоғары екенін айтты.

Қазақстан 9 елге аккумулятор экспорттап отыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Екінші индустриялық бесжылдық кезеңінде машина жасауда өнім көлемі 1,2 есеге өсті. Машина жасауда автоөнеркәсіп үлесі 26 пайызға дейін артты. Осы ретте шағырылған автомобильдер тізбесі кеңейтілді. Атап айтқанда, салада өнімдердің жаңа түрлері игерілді. Олардың арасында ақпараттық-коммуникациялық жабдықтар, модемдер, бұрандалы насостар, жарықтандыру құрылғылары, орталық кондиционерлері және басқа да өнімдер бар», – деді министр  «Алтын сапа» сыйлығын табыстау рәсімінде.

Б. Атамқұловтың сөзіне қарағанда, экспортқа негізделген тоңазытқыш вагондарды шығару ретке келтірілген.

«Біз Орталық Азияда алғаш болып аса қуатты трансформаторлар өндірісін игердік. Индустрияландыру бағдарламасының мүмкіндіктерін іске асырудың жарқын үлгісі ретінде «Қайнар-АКБ» АҚ болып отыр. Біздің аккумуляторлар экспорты 9 елді қамтуда. Сонымен қатар, химиялық өнеркәсіп, фармацевтикалық индустрия, жеңіл өнеркәсіп сенімді қарқынмен ілгерілеп келеді», – деді министр.

 

 

Қазір оқып жатыр

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық

Экс-депутат Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Татьяна Савельева