USD
USD
USD

Қазақстан 80 мың киікті ататын болды

Мәжіліс кулуарында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов ату-атпау мәселесі туралы журналистерге пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz . 

Қазақстан 80 мың киікті ататын болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Бионегіздеме аяқталды. Ғалымдар киіктердің санын реттеу мәселесін айтып жатыр. Бұл – Орал популяциясы. Қазір ондағы киіктер саны 800 мың бас болса, онда олардың 10 пайызы реттеледі. Яғни, 80 мың бас киік", - деді Брекешев.

«Яғни 80 мың киікті ата ма?» деген сұраққа министр «иә» деді.

Берекшевтің айтуына қарағанда, киіктер санын реттеу ауыл шаруашылығындағы малмен бәсеке болмауы үшін жасалады. Батыс аймақта мал жайылымынан бөлек егінге де түсіп кетіп жатыр. 

"Алдымен ғылыми зерттеу жүргізу үшін 500 бас киік алынады. Жұмыс 1 қазаннан басталады", - деді Брекешев.

Қазір оқып жатыр

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін мұғалімдер ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруден бас тарта ала ма?

Атаналар чаты

Қаржы сарапшысы: Базалық мөлшерлеме – нарықтағы ақшаның құны

Әсел Әуелбекова