Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстан 40 мемлекетке бидай экспорттайды

Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров Қазақстан бидай бойынша экспорттық әлеуетін сақтап қалатынын мәлім етті.

Қазақстан 40 мемлекетке бидай экспорттайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында вице-министрге: «Биыл бидай трейдерлерінің белсенділігі төмендеп кеткені белгілі. Нарыққа қатысушылар мұны кейбір мемлекетте коронавирустың жаңа толқынына байланысты ықтимал шектеулермен байланыстырып отыр. ҚР АШМ осыған байланысты осы күзде бидай экспортын кейбір елге шектеуді көздеп отыр ма?», – деген сұрақ қойды.

«Егін жинау жұмыстары басталған кезде жылдағыдай трейдерлер де бағаның қандай болатынын күтеді. Бұған дейін олардың белсенділіктері төмендеу еді. Бүгінгі күні дәнді-дақылдарды жинау жұмыстарының 66% аяқталғандықтан, олар белсенді түрде бидайды сатып ала бастады. Сол себепті Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай экспортын шектеуді жоспарлап отырған жоқ. Себебі бізде өнім былтырғыдан кем емес. Сондықтан экспорттық әлеуетті сақтап қаламыз», – деді Айдарбек Сапаров.

Сонымен қатар вице-министр биыл дәстүрлі экспорттық нарықтар сақталатынын жеткізді. «Нарықтарды атар болсақ, олар: Орталық Азия – Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, одан бөлек Ауғанстан, Иран. Жалпы 40 мемлекетке биыл бидай экспортталады. Нақтырақ айтқанда, маркетингілік айлар ішінде (2020 жылдың шілдесі мен 2021 жылдың шілдесі аралығы) осы жылы 8 млн тоннаға жуық бидай сатылады», – деді Айдарбек Сапаров.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.