USD
USD
USD

Қазақстан 3 елмен құрлық шекарасы бойынша шектеулерді алып тастайды

Қазақстан Қырғызстанмен, Өзбекстан және Ресеймен құрлық шекарасы бойынша шектеулерді алып тастайды.

Қазақстан 3 елмен құрлық шекарасы бойынша шектеулерді алып тастайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бұл туралы шешімді 6 сәуірде қабылдады.

"Ертең, 11 сәуірден бастап дос-жаран, туыстары мен жақындарымен ұзақ уақыт бойы қауышпаған адамдар өткізу бекеттерін шектеусіз кесіп өте алады. Сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік шекарасын әуеқатынасы арқылы кесіп өтуге белгіленген барлық шектеулер алынады", - делінген хабарламада.

Бірақ ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе қазақстандықтар мен Қазақстан Республикасы аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары вакцинация я ревакцинация туралы құжатын міндетті түрде ұсыну жөніндегі талап сақталатыны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян