USD
USD
USD

Қазақстан 20 млн тоннаға жуық көмір экспорттайды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустриялық даму комитетінің қара металлургия басқармасының басшысы Жанат Игісінов қоймаларда қанша көмір қалғанын айтты.

Қазақстан 20 млн тоннаға жуық көмір экспорттайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Биылғы қаңтар-тамыз аралығында 69,2 млн тонна көмір өндірілді. Бұл жерде көмір концентратын қосып отырған жоқпыз. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,1 пайызды құрайды. Былтыр осы аралықта 69 млн тонна өндірілген болатын. Оперативті деректер бойынша, энергия өндіруші кәсіпорындарға 39,1 млн тонна көмір жөнелтілді. Бұл - былтырғы кезеңмен салыстырғанда 4,5 пайыз көп. Өнеркәсіп кәсіпорындарында 4,2 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 5 млн тонна көмір жөнелтілді. Экспорт 19,4 млн тоннаны құрады», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның айтуныша, қоймадағы көмірдің қазіргі қоры - шамамен 1,5 млн тонна болады.

«Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында ірі көмір өндіруші компанияларда өндірістің өсімі байқалады. Мысалы, «Богатырь» көмір кенішінде 4,5 пайыз өсім бар. «Шұбаркөл» көмір компаниясында - 9,5 пайыз, «Қаражыра» компаниясында - 7,4 пайыз өсім бар», - деді министрлік өкілі.

Қазір оқып жатыр

Илон Маск тарихтағы алғашқы триллионер атанды

Илон Маск

Астанада шетел азаматтарына ЖСН елге келмей тұрып заңсыз рәсімделген

Жеке куәлік

Алматыда 12 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапты

Бала

«Ұшақтағы орынды таңдағандай»: мәжілісте студенттерді жатақханамен қамту мәселесі талқыланды

Жатақхана