USD
USD
USD

Қазақстан 1 наурыздан бастап Иранмен әуе қатынасын тоқтатады

Қазақстан 1 наурыздан бастап Иранмен әуе қатынасты тоқтатып, Оңтүстік Кореяға рейстер санын шектейді. Себебі, аталған елдерде коронавирус кең тарап жатыр деп мәлімдеді бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин 26 ақпанда Нұр-Сұлтанда өткізген баспасөз мәслихаты кезінде.

Қазақстан 1 наурыздан бастап Иранмен әуе қатынасын тоқтатады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бекшиннің сөздерінше, Оңтүстік Кореяға рейстер саны аптасына тоғыздан үшке дейін қысқарады. «1 наурызға дейін азаматтарға елге қайтуға мүмкіндік береміз», – деді ол.

«Иранмен жағдай жеңіл. Онда шамамен 170 азаматымыз бар. Олар да 1 наурызға дейін қайтуы тиіс. Түркия, Пәкістан, Ауғанстан, Оман секілді елдер қазір Иранмен әуе қатынасын үзді», –  деді бас дәрігер. Ақпан айының басында Қазақстан Қытаймен шекараны жауып, әуе рейстерін тоқтатты. Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар тіркелген жоқ.

Коронавирус індеті әлемнің 30 еліне тарады. Вирусты жұқтырып жатқандардың дені Қытайда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем әзрге бұл індетпен қарсы күресуге дайын емес деп мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам