USD
USD
USD

Қазақстан 1,5 миллиард еуро қарыз алады

Сенат коронавируспен күресу және Қазақстан экономикасын қалпына келтіру үшін Азия Даму Банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 1,5 миллиард еуро қарыз алу туралы заң қабылдады.

Қазақстан 1,5 миллиард еуро қарыз алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осыған дейін мәжіліс депутаттары «Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдарды қабылдаған еді.

Енді бұл құжаттар Президентке қол қоюға жіберіледі.

Еске салайық, 908 миллион еуро көлеміндегі алғашқы қарызды Азия Даму Банкі беруі керек. 454 миллион еуро көлеміндегі қарыздың бір бөлігін Қазақстан 10 жыл ішінде өтеуі тиіс. Қалған 454 миллион еуро 5 жылда төленуі тиіс.

Екінші келісім Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен жасалған. Ол бойынша Қазақстан 661 миллион еуро қарыз алады. Қарыз 10 жылға беріледі.
Сыйақы мөлшерлемесі – Euribor 0,5 пайыз.

Қарыз өтеу Қаржы министрлігі бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қазір оқып жатыр

Мұнайдың тағдырын кім шешеді? Экономист Үкіметтің болжамына баға берді

Сапарбай Жұбаев

Volkswagen ондаған мың жұмыс орнын қысқартып, 2030 жылға дейін жалақыны өсірмеуді жоспарлаған

 Volkswagen

Тоқаев әскери әзірлік сапасын арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талап етті

Тоқаев, Омарбеков, Савельева

«Санитарлар зорлық-зомбылық көрсеткен»: Аягөзде ерекше балаларды қорлаудың жүзден астам фактісі анықталды

Тәрбиеленуші мен санитар