Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстан зияткерлік меншік құқығын қорғауды күшейтеді

Мәжіліс депутаттары зияткерлік меншік мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Түзетулер Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауын жүзеге асыру мақсатымен әзірленген.

Жазу
Фото: 5аламтордан

Алматы, NEGE. Заң жобасында зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау, оны дамытуға қолайлы жағдай жасау, елге инвестиция тарту және креативті экономиканы дамыту үшін қосымша құқықтық құралдар қарастырылған. Азаматтық кодекске (Ерекше бөлім), «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодекске және бес заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Тауар белгісі ретіндегі белгілеуді тіркеуге қарсылық беру мерзімін бір айдан екі айға дейін ұлғайту ұсынылады. Бұзушылықты тіркеуге бір ай жеткіліксіз, өйткені қарсылық беру үшін бірқатар қажетті материалды дайындау қажет. Әйтпесе, заңсыз тауар белгісін тіркеу қаупі бар. Сонымен қатар авторлардың жарияланған туындыларын таратуға, көпшілікке жеткізуге және көпшілік алдында орындауға байланысты құқықтарына қосымша шектеулер енгізіледі.

Осылайша, зағиптар мен көру қабілеті бұзылған немесе баспа өнімдерін қабылдау қабілеті шектеулі адамдар авторлардың келісімінсіз баспа өнімдері мен жарияланған туындыларға қол жеткізе алады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример