Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирін екінші орынмен аяқтады

Шымкент қаласындағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогінің Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі мәресіне жетті.

жасөспірімдер құрамасы
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Финалда Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Жапония командасына аса тартысты матчта 1:2 есебімен жол берді.

Шымкентте бірнеше күн бойы жаңбыр жаууына байланысты алғашқы екі ойын залда хард төсенішінде өткізілді. Алдымен Дамир Жалғасбай Каваниши Хьюға есе жіберді – 6:1, 1:6, 1:6.

Бұдан кейін Заңғар Нұрланұлы Жапония командасының көшбасшысы Табато Рюдан айласын асырды – 6:4, 6:4. Заңғар іріктеу кезеңінде 6 кездесу өткізіп, бәрінде қарсыластарына бірде-бір сет бермей, жеңіске жетті.

Үшінші, шешуші бәсекеде жұптық сында ұпай жапониялықтардың қанжығасында кетті – 3:6, 7:6 (7:5), 10:6.

Жапония екінші жыл қатарынан іріктеу турнирінде бірінші орынға ие болды.

Соңғы сында ұтылып қалғанына қарамастан, Сергей Квактың шәкірттері бір апта бойы жеңіске деген жігерлерін жани білді. Өткен жылы қазақстандық жасөспірімдер үздік үштікке іліксе, биыл екінші сатыдан көрінді.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz