USD
USD
USD

Қазақстан және Словакия премьер-министрлері бірлескен бизнес-форумға қатысты

Қазақстан және Словакия премьер-министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, бірлескен бизнес-форумға қатысты.

Үкімет
Фото: Үкімет

Астана, NEGE. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов елімізге алғашқы ресми сапарымен келген Словакия Республикасының Премьер-министрі Роберт Фицомен кездесті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

«Словакия – Қазақстанның Еуропалық Одақтағы сенімді серіктесі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Республикасымен жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуға ерекше мән береді. Біздің елдерімізде өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, жоғары білікті адами капиталды дамыту, сондай-ақ қолайлы географиялық жағдай салаларында көптеген ұқсастықтар бар. Мұның бәрі Қазақстан – Словакия қатынастарын одан әрі нығайтуға берік негіз болады», —

деп баса айтты Олжас Бектенов.

«Екі мемлекеттің басшылары мен премьер-министрлер кездесулері – жобаларды жүзеге асырудың жұмылдырушы құрамдас бөлігі. Біз тауар айналымын арттыруға ғана емес, бірлескен өндіріс орындарын құруға да мүдделіміз», — деп атап өтті Роберт Фицо.

Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы $140 млн-ды құрады, осы жылдың 4 айында өзара сауда көлемі 46%-ға артты. Сауда құрылымын әртараптандыру және тауарлар мен көрсетілетін қызметтер түрін одан әрі кеңейту шараларының маңыздылығы атап өтілді.

Қазақстан органикалық өндіріс саласында бірлескен кәсіпорындар құру және тәжірибе алмасу, халықаралық нарықтарға тұрақты шығуды қамтамасыз ететін тиімді көлік-логистикалық бағыттарды дамыту арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі.

ҚР Үкіметіне отандық тасымалдаушылар тарапынан келіп түскен өтініштерді ескере отырып, Олжас Бектенов транзиттік жүк тасымалдауға рұқсат беру квотасын одан әрі ұлғайту мәселесін қарауға бастамашы болды.

 Тараптар жан-жақты өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және Роберт Фицоның Қазақстанға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

.

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Атырау МӨЗ

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

Полиция қызметкері

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді

.