USD
USD
USD

Қазақстан және ОПЕК+ қатысушылары мұнай өндіру көлемін арттыруға келісті

7 маусымда өткен виртуалды кездесуде ОПЕК+ ұйымының жеті қатысушысы шілде айынан бастап мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге ұлғайту жөнінде шешім қабылдады.

Мұнай экспорты
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Қазақстан, Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Алжир және Оман өндіріс көлемін түзетіп, нарық тұрақтылығын сақтауға дайын екенін растады.

«Мұнай нарығының тұрақтылығын қолдау жөніндегі ұжымдық міндеттеме аясында жеті қатысушы ел 2023 жылғы сәуірде жарияланған қосымша ерікті түзетулермен салыстырғанда өндіріс көлемін тәулігіне 188 мың баррельге түзету туралы шешім қабылдады. Бұл өзгеріс 2026 жылғы шілдеде іске асырылады. 2023 жылғы сәуірде жарияланған қосымша ерікті түзетулер нарықтағы жағдайдың өзгеруіне қарай кезең-кезеңімен ішінара немесе толықтай жойылуы мүмкін», – делінген ұйым сайтында жарияланған хабарламада.

Кесте
ОПЕК

ОПЕК+ құрамындағы жеті ел бұл шара қатысушы мемлекеттерге өтемақы төлеу міндеттемелерін жеделдетіп орындауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ олар 2024 жылғы қаңтардан бері өндірілген кез келген артық мұнай көлемін толық өтеуге ниетті екенін растады. Өтемақы төлеу мерзімі 2026 жылғы желтоқсанның соңына дейін ұзартылды.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында есірткі өсіретін жасырын алқап анықталды

Видеодан скрин

Серік Сәпиев Астана халықаралық қаржы орталығында жеке компаниясын тіркеді

.

Құрылтайдың әр депутатына жылына 155 млн теңге жұмсалатыны рас па?

Құрылтай бюджеті

Қазақстан мұнай өңдеу көлемін 18 млн тоннадан 39 млн тоннаға дейін арттырмақ

Мұнай экспорты