USD
USD
USD

Қазақстан ұлттық құрамасы JBMO математикадан Балқан олимпиадасына қатысады

Қазақстандық оқушылар JBMO-2024 математикадан Халықаралық жасөспірімдер Балқан олимпиадасына қатысады.

Білім
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Биыл олимпиада 25-30 маусым аралығында Анталья қаласында өтеді.

Еліміздің ұлттық командасында алты жас математик бар, олардың барлығы 2024 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

• Әли Еркебұланұлы — Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы;

• Бердібек Орынбасар — Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

• Арнұр Ансатов — Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

• Сұлтанәли Алиасқар — Астана қаласындағы дарынды ұлдарға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;

• Асқар Мұхтарұлы — Қызылорда облыстық №9 дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

• Эрик Лим — Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.

Құрама команданың жетекшісі:

Антон Николаевич Васильев — ф.-м.ғ.к., М.В.Ломоносов атындағы ММУ қазақстандық филиалының іргелі және қолданбалы математика кафедрасының доценті.

Қазір оқып жатыр

«Жұмыста қысым болған»: Көкшетау соты қызметкерінің қазасы туралы құзырлы орган не дейді?

Аян Дүйсеков

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау