USD
USD
USD

Қазақстан туралы даулы пікір айтқан ресейлік блогер елден шығарылды

Fasoollka лақап атымен танылған ресейлік блогер Ксения Гузаеваға Қазақстанға, оның қалаларына, азаматтары мен мәдениетіне қатысты арандатушылық пікір айтқаны үшін айыппұл салынып, елден шығарылды.

Ксения Гузаева
Фото: Видеодан кадр/instagram.com/police__astana

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Астана қалалық полиция департаменті хабарлады. Полицейлер шетел азаматының Қазақстан туралы даулы мәлімдемесін әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықтады.

«Сот шешімімен шетел азаматшасы айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңнамада белгіленген тәртіппен оны ел аумағынан шығару бойынша тиісті шаралар қабылданды. Заңнамаға сәйкес, оған Қазақстанға бес жыл мерзімге кіруге шектеу қойылды», – делінген ведомство хабарламасында.

Елордалық полицейлер желіде Ксения Гузаеваның Қазақстан аумағынан шығарылған сәтінен видео жариялады.

Бұл ретте құқық қорғаушылар Қазақстан шетел азаматтары мен ел қонақтары үшін ашық мемлекет екенін, ел аумағында болу заң талаптарын мүлтіксіз сақтауды, сондай-ақ елімізге, оның азаматтарына және жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына құрметпен қарауды талап ететінін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция