USD
USD
USD

Қазақстанда төлқұжаттың жаңа дизайны әзірленіп жатыр

Бұл туралы 2025 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин хабарлады.

Төлқұжат
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Биыл ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы азаматының жаңа төлқұжатының дизайнын әзірлеу жұмысы басталды. Қолданыстағы төлқұжаттың дизайны айналымда 17 жыл болды. Қазіргі таңда Ұлттық банктің жетекші дизайнерлері мен Банкнот фабрикасының сарапшылары төлқұжаттың визуалды безендірілуіне арналған негізгі тәсілдерді айқындады. Бұл жұмыста халықаралық стандарттар мен жаңа бағыттар ескерілді: минималистік стиль, визалық беттердегі фондық суреттер, қолдан жасалуына қарсы жаңа қорғаныс элементтері. Сондай-ақ Қазақстанның бірегей ерекшеліктерін, ұлттық болмысын, мәдени әралуандығын және көрікті жерлерін бейнелейтін жаңа дизайн тұжырымдамасы дайындалды. Жаңа дизайнның тұсаукесері алдағы уақытта өтеді», — деп жазды Ерлан Қарин Instagram-парақшасында.

Оның айтуынша, келесі кезең — сынақ үлгісін (макетін) дайындау. Бұл процесс көпсатылы баспа және қорғаныс технологияларын қолдануды қажет ететіндіктен, бірнеше ай уақыт алмақ.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін мұғалімдер ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруден бас тарта ала ма?

Атаналар чаты

Қаржы сарапшысы: Базалық мөлшерлеме – нарықтағы ақшаның құны

Әсел Әуелбекова

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз