USD
USD
USD

«Қазақстан темір жолына» жаңа басшы келді

«Самұрық-Қазына»  АҚ Басқармасының шешімімен Елжас Отыншиев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. 

Елжас Отыншиев
Фото: sk.kz

Астана, NEGE. Елжас Отыншиев 1987 жылғы 1 сәуірде дүниеге келген.

2008 жылы Мәскеу физика-техникалық институтын «Қолданбалы математика және физика» мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы сол институтта «Қолданбалы математика және физика» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын Ресейдегі Ernst & Young компаниясында талдаушы ретінде бастаған. 2009-2019 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншілес компанияларында жұмыс істеген. 

2021-2023 жылдары KIDF ұйымында басшылық қызметтер атқарып, инвестициялық портфельді басқару бағытына жетекшілік еткен.

2023 жылы сәуірден бастап осы уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі қызметін атқарды. Бұл лауазымда қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да салалардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды.

2024 жылғы ақпаннан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Еске салсақ, бұған дейін «Қазақстан темір жолын» Талғат Алдыбергенов басқарған. Ол биыл шілдеде қызметінен босатылды.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

қол қою

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 108 долларға жетті

мұнай бағасы

ҚМГ ауруханаға берген 131 млн теңге «жымқырылған»: Жаңаөзенде экс-шенеунік тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті