USD
USD
USD

Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна мазут жеткізді

2025 жылғы 30 қыркүйекте Душанбеде тәжік тарапына гуманитарлық көмекті тапсыру рәсімі өтті.

KazAID
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Елшісі У.Төреханов Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттіктің басшылығына 5 мың тонна мазутқа сертификат табыс етті.

Қазақстандық дипломат өз сөзінде екі елдің стратегиялық қатынастары аясында Қазақстан басшылығы Тәжікстан Республикасына 893,7 млн. теңгеге (шамамен 1,65 млн.) гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдағанын атап өтті.

Гуманитарлық көмек «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің ықпалдасуымен көрсетілді және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, тату көршілік пен қазақ-тәжік ынтымақтастығына тән өзара табыстың көрінісіне үлес болып табылады.

Соңғы 5 жылда қазақ тарапы Тәжікстанға жеткізген гуманитарлық көмегінің көлемі 21 млн. АҚШ доллардан асты.

Қазір оқып жатыр

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу

Назарбаев зияткерлік мектептерін қаржыландыру қысқармайды – министр

қымбат сыйлық