USD
USD
USD

Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан «Бахри Точик» су қоймасын пайдалану туралы хаттамаға қол қойды

Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ Тәжікстан мен Өзбекстанның су ведомстволарының басшылары 2025 жылдың маусымынан тамызына дейін «Бахри Точик» су қоймасын бірлесіп пайдалану жөніндегі хаттамаға қол қойды.

Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Вегетациялық кезеңнің ең қызған уақытында Қазақстанға 491 млн текше метр су жіберіледі деп күтіліп отыр. Құжатта су қоймасының жұмыс кестесі көрсетілген. Ол үш ел арасындағы суды тиімді әрі теңдей бөлуге бағытталған.

Министрлердің кездесуі мен хаттамаға қол қою рәсімі Душанбеде, мұздықтарды қорғау жөніндегі халықаралық конференция аясында өтті.

«Біз үшін ең маңызды бағыттардың бірі – елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Қазақстан су ресурстарын басқару бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ халықаралық су құқығы қағидаттарын ілгерілетуге ұмтылады. Су – жай ғана табиғи ресурс емес, ол – тұрақты даму мен өңірлік тұрақтылықтың құралы. Біз тек ынтымақтастық арқылы ғана климаттық сын-қатерлерге тиімді қарсы тұра аламыз»,

– деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.

«Атыраулық хакер» Түркиядан Қазақстанға қайтарылды

.