Референдум Референдум
USD
USD
USD

Қазақстан таеквондошылары АҚШ-та өтіп жатқан гран-при турнирінде екі қола медаль жеңіп алды

АҚШ-тың Шарлотт қаласында 2025 жылғы Grand Prix Challenge сериясының алғашқы кезеңі өтіп жатыр.

Таеквондошы Теміржан Тасқын
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Турнирдің екінші күні Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды.

Жүлделі үшінші орынға Тамерлан Тілеулес (58 келіге дейін) пен Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) көтерілді.

Бұл Тамерлан үшін World Taekwondo турнирлеріндегі алғашқы жүлдесі. Әсіресе оның қола медаль үшін өткен кездесудегі жеңісі айрықша атап өтуге тұрарлық. Қазақстандық спортшы Олимпиада чемпионы, италиялық Вито Делль’Акуиланы 2:0 есебімен ұтты.

80 келіге дейінгі салмақтағы құраманың көшбасшысы Батырхан Төлеуғали турнирлік кестеде сенімді өнер көрсетіп, қола медаль үшін жекпе-жекте Чили спортшысы Хоакин Черчиллмен кездесті.

Бірінші раунд тең дәрежеде өтті. Алайда, екінші раундта Батырхан айқын басымдық танытып, жеңіске жетті.

Жүлделі орындардан бөлек, қазақстандық таеквондошылар 2026 жылы Италияның Рим қаласында өтетін келесі Гран-при сериясына жолдама алады.

Айта кетейік, Шарлотттағы жарыс - Дүниежүзілік таеквондо федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан 2025 жылғы Grand Prix Challenge сериясының алғашқы кезеңі. Турнирге 44 елден 376 спортшы қатысты.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда