USD
USD
USD

Қазақстан ски-альпинизмнен Азия кубогында төрт алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы ски-альпинизмнен Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өткен Азия кубогы кезеңінде сәтті өнер көрсетті.

альпинизм
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Біздің спортшылар жалпы жеті медаль жеңіп алды, оның төртеуі алтын.

Тік көтерілу жарысында Әсем Назырова мен Шыңғыс Байқашев жеңімпаз атанды. Нияз Жанзақов күміс жүлдеге ие болса, Денис Власов қола медаль иеленді.

Спринт сайысында Денис Власов пен Әсем Назырова бірінші орын алды. Нияз Жанзақов екінші орынға тұрақтаса, Шыңғыс Байкашев төртінші нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, ски-альпинизм 2026 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе