USD
USD
USD

Қазақстанда шетелдік банктердің филиалдарына қойылатын талаптар жеңілдейді

Мәжіліс қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Банк, бизнес, келісім
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Ол Мемлекет басшысының банк секторындағы рұқсат беру талаптарын оңтайландыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатымен әзірленген. Сондай-ақ қаржы нарығын одан әрі дамыту мен бәсекелестікті арттыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін шетелдік банктердің филиалдарын тартуға бағытталған.

Қаржы нарығын дамыту туралы заң жобасы банк секторына инвестиция тартудағы әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған. Осыған байланысты еншілес шетелдік банктер мен олардың филиалдарын ашу талаптары ырықтандырылады.

Бейрезидент банктің уәкілетті органға ұсынатын құжаттар тізімі қысқарады. Шетелдік банктің жиынтық активтерінің ең төменгі көлемін 20-дан 10 миллиард АҚШ долларына дейін қысқарту жоспарланған.

Сонымен қатар шетелдік банктердің филиалдарына жеке тұлғалардың депозиттерін тарту, төлем карточкаларын шығару, шетел валютасымен айырбастау операциялары, синдикатталған қаржыландыру және басқа да қызметтерді көрсетуге рұқсат етіледі.

Қазір оқып жатыр

Қаржыдан мұнайға ауысу оңай емес. Кеңес Рақышев НЕГЕ борыштан көз ашпады?

Ракишев

Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

скриниг

Тоқаев жақында тағайындалған Халық Кеңесі төрағасының орынбасарын қабылдады

Тоқаев, Жайсаңбаев

Құрылтай сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінеді

ОСК