USD
USD
USD

Қазақстан «Росатом» компаниясымен алғашқы АЭС-ті салу туралы келісімшартқа қол қойды

Владивосток қаласында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын жобалау, жабдықтау және салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды.

АЭС салу туралы келісімшарт
Фото: Атом энергиясы жөніндегі агенттік

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі хабарлады. 

Құжатқа «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС мен «Росатом» мемлекеттік атом энергиясы корпорациясының еншілес кәсіпорны – «Атомстройэкспорт» АҚ арасында қол қойылды.

Келісімшартқа қол қою рәсімі XI Шығыс экономикалық форумы аясында өтті. Оған Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв қатысты.

«Келісімшартқа қол қою Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы жобасының жаңа практикалық кезеңге өткенін білдіреді», – делінген хабарламада.

Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің хабарлауынша, енді тараптар белгіленген рәсімдерді, соның ішінде Қазақстан Үкіметімен қажетті келісу жұмыстарын іске асыруға кіріседі.

Сондай-ақ ведомство өкілдері алғашқы АЭС құрылысы жобасын іске асыру барысында қазақстандық кәсіпорындарды, жергілікті мамандарды, отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді барынша тартуға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы 2027 жылы басталады деп жоспарланып отыр. Жоспарға сәйкес, бірінші АЭС 2030 жылдардың ортасында пайдалануға берілмек.

Алғашқы атом электр станциясы жобасына салынатын инвестицияның жалпы көлемі шамамен 16,4 миллиард доллар болады.

Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, оның ішінде 14,4 миллиард доллары тікелей энергия блоктарын салуға жұмсалса, шамамен 2 миллиард доллары инфрақұрылымды дамытуға, қауіпсіздік жүйелерін жетілдіруге және кепілдік кезеңінде станцияны ядролық отынмен қамтамасыз етуге бағытталады.

Қазір оқып жатыр

Сәтпаев Англияда алғаш рет матчтың үздік ойыншысы атанды

Дастан Сәтпаев

Тоқаев қорғаныс және ішкі істер министрлерін қайта тағайындады

тағайындау

Журналистер Құрылтай депутаттарымен енді қалай жұмыс істейді – Аппарат түсіндірді

жаңа құрам

Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен табылған сәбидің анасы полицияға жеткізілді

Қарағанды