2 Тамыз 08:41
...

Қазақстан президенті Қырғызстанға ресми сапармен барады

Қырғызстанға ресми сапар
Фото: Ақорда
Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған ақпаратта айтылды. 

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барады. 

Қырғыз тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғызстанға ресми сапармен барды. Сапар аясында Нұртілеу Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың қабылдауында болды.

«Қырғызстан басшысы екіжақты форматтағы одақтастық байланыстар мен стратегиялық серіктестіктің тереңдеп келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтіп, көпжақты алаңдардағы қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дәстүрлі жоғары деңгейін ерекше атап өтті», - деп жазылған СІМ хабарламасында.

Кездесу барысында министр Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектері мен сәлемін жеткізді.

Нұртілеу Қазақстанның бауырлас Қырғызстанмен одақтастық қатынастарды жан-жақты нығайтуға және кеңейтуге бағытталғанын растай отырып, сұхбаттасты екіжақты көпқырлы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен перспективалары туралы хабардар етті.

«Қазақстан президентінің Қырғызстанға жоспарланған ресми сапарына дайындық жұмыстарының негізгі аспектілері талқыланды», - деп жазылған хабарламада.

Кездесу соңында Қырғызстан президенті екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін оң бағалап, оларды мазмұндық тұрғыда одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді.