USD
USD
USD

Қазақстан полициясы күшейтілген режимге көшті

14 желтоқсаннан бастап адам көп жиналатын жерлерде патрульдік полиция саны артады.

Күшейтілген режим
Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE. Тәуелсіздік күніне дайындық аясында 14 желтоқсаннан бастап Қазақстанның ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы күшейтілген қызмет көрсету режиміне көшті, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтті. Қосымша шаралар ретінде адам көп жиналатын орындарда, мерекелік іс-шаралар өтетін алаңдарда және мемлекеттік қорғауға алынған нысандарда патрульдер саны артты», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар жедел басқару орталықтарында бейнебақылау жүйелері арқылы мониторинг күшейтіліп жатыр. Бұл шаралар ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

«Ішкі істер министрлігі мерекелік іс-шаралар кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр», – делінген ведомствоның хабарламасында

Қазір оқып жатыр

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек

Ғылым саласына жүргізілген аудиттен кейін төрт адам қызметінен босатылып, отыздан астам адам жауапқа тартылды

Ғылым академиясы

2 млрд теңгеге қатысты іс: бұрынғы вице-министрлер мен бюро басшысы сотталды

Омаров

ҚазҰУ студентінің қазасы: министр не себепті пікір білдіруге тыйым салынғанын түсіндірді

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ