USD
USD
USD

Қазақстан Паралимпиада ойындарының 21-ші лицензиясын иеленді

Халықаралық Паралимпиада комитетінің үш жақты бипарт комиссясының шешімімен қазақстандық пара спортшы Севда Алиева Париж-2024 Паралимпиада ойындарының пара оқ атудан лицензия иегері атанды.

Паралимпиада
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Севда 10 метрлік P2 пневматикалық тапаншамен ату дисциплинасында өнер көрсетеді. Пара оқ атудан бұл осымен Қазақстанның екінші лицензиясы.

Бұдан бұрын осы спорт түрінде алғашқы лицензияны қазақстандық Еркін Ғаббасов әлем кубогында пневматикалық мылтықпен атудан R1 дисциплинасында жеңіп алған болатын. Қазіргі уақытта Қазақстанның Паралимпиада ойындарында спорттың 8 түрінен 21 лицензия бар.

Олардың ішінде: пара пауэрлифтинг (5), пара жеңіл атлетика (3), пара жүзу (4), волейболды отырып ойнау (1), пара үстел теннисі (1), пара таеквондо (3), пара каноэ (2) және пара оқ ату (2).

XVII жазғы Париж-2024 Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді. Жарыста 23 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы ойнатылады.

Қазір оқып жатыр

Назарбаевтар отбасымен құдандалы болған экс-премьер түрмеден үйқамаққа ауысты

Наджиб Разак

«Күйеуім сектаның ықпалынан шыға алмай жүр»: Нұртас Адамбайдың жұбайы дабыл қақты

Нұртас Адамбай мен жары Ғалия

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу