2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары Мьянмадағы құлдықтан құтқарылды

Мьянмада адам саудасының құрбаны болған Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары дипломатиялық өкілдіктердің көмегімен елдеріне қайтарылды.

pixabay.com
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бұл азаматтар желідегі мол жалақы уәде етілген жұмыс туралы хабарландыруларға сеніп, Таиландқа барған.

«Оларға Өзбекстаннан тегін әуе билеттері берілген. Алайда Таиландқа жеткеннен кейін оларды алдап, Мьянма шекарасынан заңсыз алып өтіп, адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтардың қолына түсірген», – деп жазады kun.uz басылымы.

Жәбірленушілердің айтуынша, оларды Мьянмада алаяқтықпен айналысатын call-орталықтарда жұмыс істеуге мәжбүрленген. Заңсыз әрекеттермен айналысудан бас тартқандарға қоқан-лоқы көрсетіп, ұрып-соққан.

Зардап шеккен бір топ азамат Өзбекстанның Бангкоктағы Бас консулдығына хабарласып, елге қайтаруға көмек сұраған. Тексеру барысында Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының да ұсталғаны анықталған.

Қырғызстанның Таиландта дипломатиялық өкілдігі жоқ екенін ескере отырып, Қазақстан мен Өзбекстан қырғыз тарапының өтініші бойынша қырғыз азаматтарының да елге оралуына жағдай жасау үшін көмек көрсетті.

«Мьянма мен Таиландтың тиісті органдарымен жүргізілген келіссөздер мен үйлестірілген іс-қимылдар нәтижесінде үш елдің азаматтары босатылып, Таиландтағы Мэй Сот шекара бекетінде Қазақстан мен Өзбекстанның дипломаттарына тапсырылды. Бостандыққа шыққаннан кейін азаматтар уақытша баспанамен және тамақпен қамтамасыз етілді»,  – деп жазады басылым.

Қазақстан мен Өзбекстанның Таиландтағы дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен құтқарылған азаматтар өз елдеріне қайтарылды.

Қазір оқып жатыр

Өзбекстан энергетика жүйесіндегі ақаудан Қазақстанның кей өңірі уақытша жарықсыз қалды

Электр жарығы

Әскерилер қазасы: оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Қылмыстық іс

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау