USD
USD
USD

Қазақстан OPEC FUND 2024-ке қатысты

Венада жаһандық даму мен ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау үшін әртүрлі елдердің, халықаралық инвестициялық топтардың және қаржы ұйымдары өкілдерінің басын қосқан OPEC Халықаралық даму қоры ұйымдастырған Форум өтті.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Панельдік сессия барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық саясат және құрылымдық реформалар туралы айтты. Оның басты мақсаты — азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Вице-премьер тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу үшін берік өнеркәсіптік негіз қалыптастыруға және экономиканы базалық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа инвестициялық цикл іске қосылатынын атап өтті.

«Біз ашықтық пен ынтымақтастық қағидаттарына адал болып қала береміз және Қазақстанға бәсекелестік негізде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастырамыз», — деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов