USD
USD
USD

Қазақстан оқушылары халықаралық химия олимпиадасында төрт медаль жеңіп алды

Өзбекстанда өткен Халықаралық химия олимпиадасында ұлттық құраманың төрт мүшесі де жүлдегер атанып, бір алтын және үш күміс медаль еншіледі.

Халықаралық химия олимпиадасы
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Сүйінші хабарды Оқу-ағарту министрлігі жеткізді.

Беделді білім додасында Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Айзере Жеңісханова жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді.

Күміс медаль иеленген оқушылар:
• Қали Әбілмансұр – Астана қаласы Нұра ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы;
• Полетаев Данил – Алматы қаласындағы №134 лицейдің 11-сынып оқушысы;
• Жақсылықов Аңсар – Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы .

Халықаралық химия олимпиадасы мектеп оқушыларына арналған әлемдегі ең беделді жеті пәндік олимпиаданың қатарына кіреді. Қазақстан бұл олимпиадаға 1998 жылдан бері қатысып келеді.

Биылғы олимпиадаға әлемнің 90-нан астам елінен 350-ден астам дарынды оқушы қатысқан. Қатысушылар теориялық және практикалық кезеңде күрделі химиялық есептерді шығарып, зертханалық жұмыстарды орындаған. Әр кезең бес сағатқа созылған.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы