USD
USD
USD

Қазақстан оқушылары Балқан өңірі үздік математиктерінің үштігіне кірді

Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) 22 елдің оқушылары қатысқан Балқан халықаралық математикалық олимпиадасы (BMO) аяқталды.  

Математикалық олимпиада
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Алматы, NEGE. ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, Қазақстан оқушылары ел қоржынына үш күміс және үш қола медаль салып, 100% көрсеткіш көрсетті.

Қазақстан құрамасы жалпы алты жүлде иеленді:

Күміс жүлде иегерлері:

• Амир Сахипов – Алматы қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;

• Марғұлан Шарел – Астана қаласындағы Spectrum мектебінің 11-сынып оқушысы;

• Элдар Үсенов – Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:

• Дамир Нұрланов – Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;

• Әмірлан Аманжолов – Алматы қаласындағы Haileybury мектебінің 11-сынып оқушысы;

• Бердібек Орынбасар – Атырау облысындағы №1 «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы.

– BMO олимпиадасына қатысу – Қазақстан құрамасының шілде айында Аустралияның Квинсленд қаласында өтетін халықаралық математикалық олимпиадаға (IMO) дайындығындағы маңызды кезең. Мемлекетке жас таланттарды қолдағаны үшін, сондай-ақ ұстаздарыма және барлық жаттықтырушы командаға кәсіби дайындық үшін шын жүректен алғыс айтамын, – деді олимпиаданың күміс жүлдегері Марғұлан Шарел.

Ұлттық құраманың жаттықтырушылары – Асылбек Исахов пен Мұхтар Қабақ.

Естеріңізге сала кетейік, бұл – қазақстандық оқушылардың екінші рекордтық нәтижесі. 2024 жылы да олар үздік үштіктен көрінген болатын.

Қазір оқып жатыр

Негізгі ҰБТ басталғалы төрт аптада төрт жүздей ереже бұзушылық анықталған

ҰБТ

Выручка аз, таза табыс көп. Құлыбаевтың мұнай бизнесі НЕГЕ аномалияға ұшырады?

Каспий нефть

Назарбаев Amanat партиясына мүше емес – Айдос Үкібай

Назарбаев

Германияда Facebook қолданушылары канцлер Мерцті қорлағаны үшін айыппұл арқалады

Мерц