USD
USD
USD

Қазақстан моңғол студенттері үшін квота санын ұлғайтуға дайын – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсух екі ел делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді.

Абитурент, студент
Фото: abiturient.tpu.ru

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан моңғол студенттері үшін квота санын ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ екі ел ғалымдарын ортақ бай тарихи мұрамызды бірлесе зерттеуге шақырды.

Президент экологиялық, тарихи, этнографиялық және экономикалық туризм бағыттарында бірлесе жұмыс істеуге мол мүмкіндік бар екенін атап өтті.

– Қазақстандық туроператорлар моңғол туристеріне Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан ежелгі Түркістан қаласын таныстыра алады. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның мазары тұрған Ұлытау облысын және басқа да туристік орындарды көрсетуге болады. Сондай-ақ біз Моңғолиямен Алтай туризм кластерін дамытуға және ортақ туристік бағыттарды қалыптастыруға мүдделіміз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін келесі жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Қазір оқып жатыр

Назарбаевтар отбасымен құдандалы болған экс-премьер түрмеден үйқамаққа ауысты

Наджиб Разак

«Күйеуім сектаның ықпалынан шыға алмай жүр»: Нұртас Адамбайдың жұбайы дабыл қақты

Нұртас Адамбай мен жары Ғалия

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу