USD
USD
USD

Қазақстан мен Жапония ірі коммерциялық келісімдерге қол қоймақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға сапары барысында жалпы құны 3,7 миллиард АҚШ долларынан асатын келісімдерге қол қойылады. 

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Президент осы мақсатта Токиода жапондық ірі бизнес өкілдерімен кездесулер өткізбек. Барлығы 40-тан астам құжатқа қол қою жоспарланған.

«Келісімдер энергетика, жаңартылатын қуат көздері, цифрландыру, тау-кен өнеркәсібі, көлік секілді негізгі салаларды қамтиды», – деп хабарлады президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Оның мәлімдеуінше, Қазақстан тарапынан құжаттарға «Самұрық-Қазына», KEGOC, «Қазатомөнеркәсіп», «Тау-кен Самұрық», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы» компаниялары, ал Жапония тарапынан Marubeni, MUFG Bank, Mitsubishi Heavy Industries, Hitachi Energy, Toshiba, JOGMEC, Kansai Electric Power және RIKEN KOGYO сияқты компаниялардың өкілдері қол қояды.

Президенттің Жапонияға сапары аясында өзге де ресми келіссөздер мен іскерлік кездесулер өткізу жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж