USD
USD
USD

Қазақстан мен Түрікменстан СІМ басшылары стратегиялық серіктестік мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға жұмыс сапарымен келген Түрікменстанның Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесу өткізді.

СІМ
Фото: СІМ

Алматы, NEGE. Келіссөздер барысында тараптар қазақ-түрікмен ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық, транзиттік-көліктік, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ аса жоғары және жоғары деңгейдегі алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін талқылады.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы түрікмен әріптесін Қазақстанда Түрікменстанның мәдениет күндерінің сәтті өтуімен, сондай-ақ Астанада түрікмен ойшылы және ақыны Махтумкули Фрагиға ескерткіштің ашылуымен құттықтады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық