Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстан мен Түрікменстан өзара инвестицияларды қорғауға келісті

Мәжіліс жалпы отырыста Қазақстан Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялады.

Қазақстан мен Түрікменстан
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құжат 2024 жылғы 10 қазанда Ашхабат қаласында жасалған. Келісімнің мақсаты – инвестициялық қызметке қолайлы жағдай жасау, тікелей шетелдік инвестициялар ағынын ынталандыру және уағдаласушы елдердің экономикалық әл-ауқатын жақсарту.

Уағдаласушы тараптардың кез келгенінің инвесторлары жүзеге асырған инвестициялар әділ әрі тең құқылы режим пайдаланады. Сондай-ақ ол екінші тарап мемлекетінің аумағында толық қорғалады, қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Уағдаласушы тарап өз мемлекеті аумағында екінші тарап мемлекетінің инвесторларына олардың инвестицияларын басқаруға, ұстауға, пайдалануға немесе оларға билік етуге қатысты өз инвесторлары мен олардың инвестицияларына ұсынатын режимнен кем емес қолайлы режим ұсынады.

Келісім бойынша бір уағдаласушы тараптың инвесторы мен екінші тарап арасындағы міндеттемені болжамды бұзуға қатысты кез келген дау мүмкіндігінше бейбіт жолмен шешілуге тиіс.

Дауды бейбіт жолмен реттеу мүмкін болмаған жағдайда мүдделі инвестор өз қалауы бойынша дауды шешу үшін аумағында инвестициялар жүзеге асырылған уағдаласушы тарап мемлекетінің құзыретті сотына не басқа да халықаралық төрелік мекемелерге бере алады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш